Solva Group Limited 10 млн долларға облигациялар шығарады
Жарияланды
(жаңартылды )

Solva Group Limited Астана халықаралық қаржы орталығында купондық облигацияларын шығарады. Құны 10 млн доллар болатын құнды қағаздар 16 сәуірден бастап айналымға шығады.
Бір облигация номиналы – 100 доллар, ай сайынғы табысы 10%-ды құрайды. Жалпы көлемі 10 млн долларды құрайды. Облигациялар құнын өтеу мерзімі 2027 жылдың 7 сәуірі деп белгіленген. Құнды қағаздар Freedom Broker арқылы саудаға шығарылады.
Solva Group Limited – Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымдарының бірі, «Астана» қаржы орталығында тіркелген. Былтырдан бері банк болу үшін белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Sоlvа Group құрылтайшылары: Борис Батин мен Александр Дунаев. Сондай-ақ сингапурлық Rekemado Pte Ltd және Mutineers Pte Ltd компаниясы.