«Қазақстанның Даму Банкі» 500 миллион долларға еурооблигация орналастырды

«Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ) 5 жыл мерзімге 500 млн АҚШ долларына еурооблигация шығарды. Купондық мөлшерлеме – жылдық 5,625%, ал өтеуге дейінгі табыстылық – 5,7%-ды құрайды.
АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларымен салыстырғандағы спред – 159 базистік пункт, бұл банк тарихындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.
Инвесторлар Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінен тартылды. Сұраныс ұсыныстан 1,8 есе жоғары болды.
Облигациялар Қазақстан қор биржасына (KASE) және Вена қор биржасының арнайы алаңына (Vienna MTF) листингке енді. Негізгі листингтік алаң – Wiener Börse (Австрия).
Тартылған қаражат 2022 жылы шығарылып, 2025 жылдың 12 мамырында өтеуге жататын еурооблигацияларды қайта қаржыландыруға бағытталады. Сонымен қатар ҚДБ бұрын шығарылған еурооблигацияларды 325 млн долларға дейінгі сомаға кері сатып алуды ұсынды.
2025 жылы наурызда БРК-ның 20 жылдық, 97 млн долларлық еурооблигациялары өтеледі. Ал мамыр айында 100 млрд теңге көлеміндегі 3 жылдық облигациялардың мерзімі аяқталады.
Айта кетейік, ҚДБ соңғы жылдары халықаралық қаржы ұйымдарынан белсенді түрде несие тартып жатыр, оның ішінде қарыз алудағы басымдық Қытай банктерінен еуропалық кредиторларға ауысқан.
Бұған дейін ҚДБ мен Еуропа инвестициялық банкі (EIB Global) инфрақұрылым мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған 200 млн еуро көлемінде келісімге қол қойған.