
iPhone-ға арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді— дауыс хабарламаларын іріктеп таңдап, мәтінге айналдыруға болады. Бұл функция арқылы пайдаланушылар дауыс хабарламаларының мазмұнын чаттың ішінде оқи алады.
WABetaInfo деректеріне сәйкес, транскрипцияны үш түрлі режимде қолдануға болады:
1. Автоматты түрде (бұрынғыдай)
Барлық дауыс хабарламалар бірден мәтінге айналады, егер сөйлеу анық және тануға жарамды болса.
2. Қолмен
Дауыс хабарламасы бұрынғыдай дыбыстық күйде келеді. Бірақ енді хабарлама «балауызында» арнайы «Мәтінді көрсету» батырмасы пайда болады.
Сол батырманы басқан кезде ғана мәтінге айналдыру процесі басталады.
3. Өшіру
Бұл режимде қолданба мүлде мәтінге айналдыру қызметін ұсынбайды. Функция толықтай сөндіріледі.
Бұл мүмкіндік тек iOS 16 және одан жоғары нұсқадағы iPhone құрылғыларында және тіл қолдау тізіміне кіретін тілдер үшін қолжетімді.
Қолдау көрсетілетін тілдер:
iOS 16 бастап: ағылшын, испан, француз, неміс, итальян, жапон, корей, португал, орыс, түрік, қытай және араб.
iOS 17 бастап: дат, фин, иврит, малай, норвег, голланд, швед, тай.
Еске салайық, қазір Whatsapp мессенджеріне қауіп төніп тұр. Қосымшаны сатып алған Meta компаниясының иесі Марк Цукерберг АҚШ үкімет соттасып жатыр. Құрама Штаттардың монополиямен күрес қызметі миллиардерден Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етіп отыр.