Дженнифер Лопестің концертіне туроператорлар арқылы билет алуға болады

Жарияланды 21 Сәуір 2025 16:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дженнифер Лопестің концертіне турлператорлардан билет алуға болады / REUTERS, бильд-редактор: Милош Муратовский

Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне арнайы турпакеттер ұйымдастырылған. Турпакет арқылы концертке ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріне де саяхаттауға болады. Бұл туралы Informburo порталы хабарлады.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше , мұндай тәсіл – әлемде кең тараған тәжірибе. Ірі халықаралық концерттер мен спорттық іс-шаралар кезінде билеттердің бір бөлігі туроператорлар арқылы арнайы пакеттер түрінде сатылады. Бұл шетелдік және жергілікті қонақтарға жоғары деңгейдегі жайлылық пен толық туристік сервисті қамтамасыз етуге бағытталған.

Концерт + саяхат

14 сәуір күні америкалық әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне ресми серіктес ретінде Kompas туроператоры таңдалғаны белгілі болды. Билеттер тек турпакет құрамында сатылады. Бұл пакеттер отандық және шетелдік туристерге арналған.

Турпакеттерге концерттен бөлек Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және еліміздің оңтүстік өңірлеріне бағытталған сапарлар енгізіледі. Классикалық турлардың ұзақтығы 3–5 күнді құрайды. Компания туроператорларға Қазақстанның мәдени және табиғи байлығын көрсететін мазмұнды және ұзақ бағдарлар әзірлеуді ұсынды.

Kazakh Tourism мәліметтінше, бұл бастама арқылы елге келген қонақтар тек концертпен шектелмей, Қазақстанның алуан түрлі табиғаты мен бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл тәжірибе туристік саланы дамытуға да оң ықпалын тигізеді.

Еске сала кетейік, Дженнифер Лопестің концерті 1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз