Haval кроссоверінің жаңа үлгісі шығарыла бастады

Жарияланды 23 Сәуір 2025 14:42

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Haval кроссоверінің жаңа үлгісі – Haval F7x кросс-купесі кең жабдықталған дәстүрлі кроссоверлерге ұқсас/фото: haval.bashauto.com, бильд-редактор: Дастан Шанай
Haval кроссоверінің жаңа үлгісі – Haval F7x кросс-купесі кең жабдықталған дәстүрлі кроссоверлерге ұқсас/фото: haval.bashauto.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Haval кроссоверінің жаңа үлгісі шығарыла бастады. GWM үлгісі Ресейде құрастырылмақ. Жаңа көлік әзірге Қытайда да жоқ.

MOTOR  ақпаратына қарағанда, Бұл Haval маркасының жаңа буындағы кроссовері.

Кроссовердің ерекшелігі неде?

Бұл – «жетіліктің» купе тәріздес нұсқасы. Десе де, ортаңғы тірекке дейінгі шанақ бөліктері бірдей. Ерекшелігі сол, жаңа үлгінің артқы бөлігі мен жүксалғыш қақпағы жаңартылған.

Айта кететін жайт, мұндай форм-фактордағы кроссовер Great Wall Motor-дың ешбір нарығына әлі шықпаған.

Салонының дизайны мен техникалық сипаттамалары бойынша Haval F7x кросс-купесі кең жабдықталған дәстүрлі кроссоверлерге ұқсас.

Техникалық сипаттамасы

Қазіргі нұсқаларының тек толық жетекті. Турбомоторы 2,0 литрлік, жанармаймен істейді (192 а.к.). Жеті сатылы роботтандырылған трансмиссиямен жабдықталған. Бұрынғы үлгіде 1,5 литрлік (150 а.к.) мотор мен алдыңғы жетекпен қарапайым комплектациялар да болған еді.

Жабдықталу сипаттамаларына қарап, Haval F7x кросс-купесі Premium және Tech Plus комплектацияларында ұсынылады.

ТМД нарығына бейімделген

Әрине, Haval кроссоверінің жаңа үлгісі – ТМД нарығына бейімделген. Демек,  антикоррозиялық қорғанысы күшейтілген. Арнайы қысқы пакетпен және үлкейтілген шыны жуғыш сұйықтық багымен жабдықталған. Бағалары мен толық комплектациялар туралы нақты ақпарат жоқ. Кейін хабарланатыны айтылған.

Бағасы қандай болмақ?

Десе де, алдын ала болжам бойынша, қазір толық жетекпен, бай комплектациядағы дәстүрлі Haval F7 үлгісінің бағасы 21 713 700  – 23 388 100 теңге аралығында. Ал кросс-купе шамамен 448 800 теңге қымбатырақ шығуы керек.

Haval кроссоверінің жаңа үлгісі нарыққа шыққанда, оған жеңілдіктер де берілуі мүмкін. Бұдан бөлек арнайы ұсыныстар да болуы кәдік. Өйткені, 2025 жылғы барлық «жетіліктерге» 956 154,25 теңге көлемінде тікелей жеңілдік берілген-ді.

Haval F7 / F7x

Haval F7 / F7x нарықта кеңінен танымал. Оның кроссовер және кросс-купе нұсқалары бар.  Қозғалтқыштары – 1.5L жанармай, турбо (150 а.к.), 2.0L бензин, турбо (192 а.к.). Беріліс қорабы – 7 сатылы роботтандырылған (DCT). Жетек түріне тоқталсақ, алдыңғы немесе толық жетек (AWD) түрлері бар. Premium, Tech Plus жоғары комплектацияларға жатады.  Бұған қосымша, қысқы пакет, антикоррозиялық қорғаныс, мультимедиа жүйесі бар.

Haval Jolion

Haval Jolion компакт-кроссоверге жатады. Қозғалтқышы – 1.5L жанармай, турбо (143–150 а.к.). Беріліс қораптары да әртүрлі. 6 сатылы механикалық немесе 7 сатылы робот (DCT) та кездеседі. Дені – алдыңғы жетекті (FWD).

Қауіпсіздікке басымдық беріледі. Сондықтан ESP, HHC, TPMS және тағы да басқа көптеген көмекші жүйелері қосылады.

 Haval H9

Haval кроссоверінің жаңа үлгісінен басқа,  Haval H9 жол талғамайтын SUV (рама типті) көлігі бар. Оның қозғалтқышы – 2.0L жанармай, турбо (218 а.к.).

Беріліс қорабы – 8 сатылы автомат. Толық жетек (AWD) және төменгі берілістері бар. Бұғаттамалары, жол талғамайтын режимдері де ерекше. Жеті орынды. Әрине, әр модельдің комплектациясына байланысты қосымша жабдықтар мен технологиялар болуы мүмкін.

Мұның алдында Қытайда BYD люкс спорттық көлігінің таныстырылғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз