Telegram-да 100-ден астам адам қатыса алатын топтық қоңыраулар іске қосылды

Жарияланды 4 Мамыр 2025 12:16

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

Telegram-да топтық қоңыраулар іске қосылды / фото: shutterstock

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров платформада жаңа мүмкіндік пайда болғанын хабарлады. Енді топтық қоңырауларға жүздеген адамды қосуға болады.

Бұл туралы Дуров өз Telegram арнасында хабарлады:

«Енді Telegram-дағы кез келген қоңырауға (соның ішінде жеке сөйлесулерге де) сілтеме, QR-код немесе тікелей шақыру арқылы 200 адамға дейін қосуға болады. Ал егер бұл жеткіліксіз болса, Telegram топтарындағы дауыс және бейнеқоңыраулар ондаған мың қатысушыны қолдайды», — деді Дуров.

Дуровтың айтуынша, Telegram арқылы жүргізілетін барлық қоңыраулар сквозной шифрлау (end-to-end encryption) және блокчейнге ұқсас технология арқылы қорғалған. Бұл – қоңырауға үшінші бір тұлғаның жасырын қосылуына жол бермейтін сенімді қорғаныс жүйесі.

Telegram мессенджері қазіргі таңда әлемдегі ең қауіпсіз және функционалды байланыс платформаларының бірі ретінде танылып отыр. Сондай-ақ, Телеграм әлемдегі ең танымал мессенджерлер арасында екінші орынды алып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз