
Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі кім екені белгілі болды.
Раушан Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен түсірілген әсерлі видеоны жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Раушан ағасы Димашпен түскен фотосуретін де бөлісіп, оқырмандардың жүрегін елжіретті.
Сырға салу рәсіміндегі бөліскен бейнежазбаның астында оқырмандар күйеубаланың — Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының актері әрі әнші Ермахан Аймахан екенін жарыса жазып жатыр. Жас өнер иесі қазақстандық көрерменге бірқатар театрлық қойылымдар мен музыкалық жобалар арқылы таныс.
Раушан Құдайберген — белсенді блогер, әлеуметтік желіде өз аудиториясымен жиі байланыста болып, отбасылық, мәдени және шығармашылық бағыттағы контент ұсынады. Сондай-ақ, Астанадағы «Дайдидау» мейрамханасының жұмысын толық өзі жүргізеді.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 26 мамыр күні Алматыда жанкүйерлерімен кездесу өткізеді.