Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров сахнада тосын жайтқа тап келді (видео)

Жарияланды 6 Мамыр 2025 15:55

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров мұны мүлде күтпеген еді/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров мұны мүлде күтпеген еді/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров ойнайтын «Әзіл Әлемі» театрының сахнасында оқыс оқиға болды. Актерлер мүлде мұны күтпеген еді.

Сахнаға актерлерге гүл беруге шыққан әже актерлердің қасынан кетпей қойған. Қос әзілкешпен амандасып, беттерінен сүйеді. Гүл береді. Бірақ сахнадан кетуге асықпайды. Залдағы көрермендердің біріне бірдеңе айтып, әңгіме-дүкен құрып кетеді.

Бұл аз болғандай, актерлердің қолындағы микрофонды сұрап алып, театр сахнасында тұрып сөз бастайды.

«Армысыздар. Сіздерді теледидардан көруші едім. Бүгін, міне,  асығып, Атамекен ауылынан бес минут қалғанда келіп отырмын», – деп сөйлейді.

Араға бірнеше минуттан кейін әлгі әже сахнаға қайта шығып, театр әншісімен қосылып ән айтады.

Әженің тосын қылықтары әзілкештерді күлкіге қарық қылды.

Сахнадан түспей қойған әжеге Қанат Әлжаппаров орындық әкеп беріп:

«Апа, мына жерге отырсаңызшы келіп. Концертті осы жерден тамашаласаңызшы», – деп көрермендерді ду күлдірді.

Әже де еш саспастан, орындыққа жайғасып отырып алды.

Қайрат пен Қанат Қазақстан қалаларына гастрольдік сапармен жүр. Мамыр айында Қонаев, Өскемен, Семей, Астана, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Сатпаев, Жезқазған қалаларында өнер көрсетеді.

Мұның алдында екі актердің әзіл кеші Өскеменде өтетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз