Микроқаржы ұйымы алғаш рет биржаға долларлық облигациялар шығарады

2025 жылғы 15 мамырда Робокэш.кз микроқаржылық ұйымы Қазақстан қор биржасында екі жылдық долларлық облигацияларын орналастырды. Жалпы көлемі — 3 млн доллар, толық эмиссия — 5 млн доллар.
Облигациялар номиналы 100 долларды құрайды, жылдық табыс мөлшерлемесі 10% құрайды. Купон төлемі тоқсан сайын төленеді. Облигацияларды орналастырушы – BCC Invest.
Компанияның хабарлауынша, қаражат автокредиттеу мен шағын және орта бизнеске (ШОБ) несие беру бағытына жұмсалмақ.
BCC Invest-тің корпоративтік қаржы департаментінің директоры Аманат Искаков МҚҰ-ның облигациялық нарыққа шығуы ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін ашатынын, бұл өз кезегінде сектордың тұрақтылығын арттыратынын айтты.
Осыған дейін «Робокэш» микроқаржы ұйымы (МҚҰ) акционеріне 1,1 млрд теңге дивиденд төлеген еді. Ол микроқаржы ұйымының 2023 жылғы қызметі үшін төленген.