Алматыда ең дәмді мейрамханалар енген алғашқы гастрогид жарық көрді

Жарияланды 14 Мамыр 2025 12:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Гастро-гид Алматы
Алматыда алғаш рет гастрогид жарық көрді / фото: kursiv.media

Алматы туризм бюросы алғаш рет ресми гастрономиялық гид әзірледі. Гидке 140-тан астам мейрамхана енді.

Алматы бүгінде тек тауларымен ғана емес, ұлттық асханасымен де туристерді қызықтырып отыр. Қазақтың ет тағамдары, бауырсақ пен қымыздан бастап, заманауи интернационал дәмдерге дейін — бәрі бір қалада тоғысқан.

Гид үш бағытта құрылған:

  • Қазақ ұлттық асханасы – дәстүр мен дәмнің үйлесімі;
  • Мультимәдениет бағыттары – түрлі елдің асханаларына шолу;
  • Instagram-локациялар – ерекше интерьері мен тағамы арқылы көз тартатын орындар.

Мейрамханалардың тізімі бар нұсқаулық қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Туристерге тур-фирмалар мен әуежайларда берілетін болады. Сондай-ақ онлайн форматта да көруге болады.

Сонымен қатар, гидте Алматыға ғана тән ерекше тағамдар, ең танымал фуд-сувенирлер мен туристерге арналған пайдалы кеңестер қамтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жерленген танымал тұлғалардың бейіттері туристік бағытқа енген еді.

Сондай-ақ оқыңыз