
Қазақстан қазіргі таңда бензин мен басқа да жанар-жағармай деген ішкі сұранысты толықтай қамтып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі ресми хабарламада мәлімдеді.
Негізгі көлем үш ірі МӨЗ-де:
- Атырау МӨЗ-інде – жылына 5,5 млн тонна,
- Павлодар МХЗ-ында – жылына 5,5 млн тонна,
- Шымкент МӨЗ жылына 6 млн тонна өндіріледі.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы Қаражамбас кен орнынан алынған мұнай көлемі жылына 1,5 млн тоннаға дейінгі мөлшерде Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында өңделеді. Бұл зауыт – «ҚазМұнайГаз» және Қытайлық CITIC компаниясының бірлескен жобасы.
Жалпы алғанда, елдің мұнай өңдеу қуаты жылына 18,5 млн тоннаны құрап, ішкі нарықтың жанар-жағармайға деген қажеттілігін толық өтеп отыр.
Ішкі нарық тұрақтануына байланысты, соңғы бес жылда алғаш рет Қазақстан АИ-92 маркалы экологиялық К4 класты бензинді экспорттауға мүмкіндік алды. Экспорт көлемі 40 мың тоннаны құрайды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай өңдеу саласы алдағы жылдары едәуір кеңейтіледі. Мысалы:
- Шымкент МӨЗ жылдық қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайтады (жоба мерзімі 2030 жылға дейін ұзартылған),
- Павлодар МХЗ – 8 млн тоннаға дейін,
- Атырау МӨЗ – 6,7 млн тоннаға дейін кеңейтіледі.
Caspi Bitum зауытына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың сәуірінде аяқталып, зауыт толық қуатына шықты – 1,5 млн тонна.
Энергетика министрлігі бұған дейін 2025 жылы Ресейден 1,5 млн тоннадан аса мұнай өнімін сатып алатынын хабарлаған. Оның арасында бензин, дизель отыны және битум бар.
Бірақ мұнайлы Қазақстан бензин бағасы арзан отыз ел қатарына кірмейді