Қызылордада қаржы пирамидасы иелері тұрғындардан 28 млн теңге жинаған

Жарияланды 30 Мамыр 2025 11:40

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметін тоқтады. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен хабарлайды.

Ұйымдастырушылар қаржы пирамидасын инвестицялық жоба ретінде ұсынған. Ол арқылы электросамокаттарды сатып алу және Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.

 Ал жобаға қатысу үшін салымшылар арнайы «HRT» шотына криптовалюта аударуы тиіс болған. Негізгі шарттың бірі – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту .

«200-ден астам азамат жобаға 50 АҚШ долларынан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген. Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты», – деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер салымшылардан жинаған ақшаға «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» деген автокөлік сатып алып үлгерген.

Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Қарағанды облысында да қаржы пирамидасы өздерін инвестициялық жоба ретін таныстырып, салымшыларынан 52 млн теңге жинап алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз