Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді

Жарияланды 2 Маусым 2025 21:10

(жаңартылды 3 Маусым 2025 09:25)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді/коллаж kursiv.media

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi.kz акционері Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берді. Бұл ақпаратты Kaspi.kz баспасөз қызметі «Интерфакс – Қазақстан» агенттігіне растады. Ресми хабарлама 3 маусымда жарияланады.

2024 жылдың ақпанында Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-тің 97,5% акциясын сатып алуға өтінім берген. Агенттік өтінімді сәуірде қарастыруға тиіс еді, алайда кейінірек құжаттағы «маңызды мән-жайларды нақтылау қажет екеніне» байланысты өтінімді қарау мерзімін екі айға ұзартты.

Ким ақпанда бұл мәміленің өзі 21,32% акциясына иелік ететін Kaspi.kz компаниясына еш қатысы жоқ екенін айтқан. Бизнесмен Forbes журналы нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай адамдары рейтингінде бірінші орында тұр. Оның байлығы – 7,1 млрд доллар (жыл ішінде 1,3 миллиард долларға артқан).

Қазір Jusan Bank-тің 100% акциясы кәсіпкер Ғалымжан Есеновке тиесілі: 79,89% – First Heartland Securities арқылы, ал қалған 20,11% – тікелей рәсімделген. Ол банкке 2023 жылы Қазақстан прокуратурасы бастамасымен банктің акцияларын ел юрисдикциясына қайтару жөніндегі соттан кейін толық бақылау орнатқан. Оған дейін Есеновтің банк акцияларындағы үлесі 20%-дан аз болған, ал банкті нақты бақылауды америкалық New Generation Foundation қоры жүзеге асырған.

Сондай-ақ оқыңыз