Қазақстанда ең көп сатылған топ-5 смартфон белгілі болды

Жарияланды 4 Маусым 2025 11:42

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Қазақстандықтар арасында iPhone 16 моделіне сұраныс жоғары / Фото: kursiv.media архиві

Геосаяси тәуекелдер мен экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, 2025 жылдың алғашқы тоқсаны әлемдік смартфон нарығы үшін табысты болды. Бұл кезеңде 304 миллионнан астам құрылғы сатылып, әлемдік смартфон жеткізілімі жылдық есепте 1,5%-ға өсті. Дегенмен бұл кезеңде нарық АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісіне байланысты тұрақсыздықты бастан өткерді. Көптеген өндіруші өндіріс кестесін жылдамдатып, жеткізілім көлемін алдын ала арттыруға тырысты.

Сатылым көшбасшысы – iPhone 16

Counterpoint Research сарапшыларының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–наурыз айларында әлем бойынша ең көп сатылған смартфон – iPhone 16. Қазақстан да бұл трендтен тыс қалған жоқ. Дүкендер мен онлайн платформаларда Apple-дің базалық үлгісі қайтадан тапсырыс көшін бастап тұр.

Apple жалпы нарықтағы орнын берік ұстап тұр. Әлемдегі ең көп сатылған 10 смартфонның төртеуі осы компанияға тиесілі. Дегенмен Apple жеткізілім жағынан Samsung-ты басып оза алмады. Компания  бұл аралықта 57,9 млн смартфон жеткізіп, екінші орынға жайғасқан – бұл нарықтың 19%-ына тең. Ең маңыздысы – компания жылдық өсімді 10,1%-ға дейін жеткізіп, нарық үлесін 1,5 пайыздық тармаққа арттыра алды.

Samsung – жеткізілім бойынша көшбасшы

Модель бойынша көшбасшы болмаса да, Samsung жалпы жеткізу көлемі бойынша бірінші орында, бір жылда 60,6 млн смартфон жеткізілген. Оның ішінде Қазақстандағы үлесі де жоғары. Алайда бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда небәрі 0,7%-ға ғана өскен. Сонымен қатар компанияның нарықтағы үлесі 0,2 пайыздық тармаққа қысқарған.

Galaxy S25 Ultra позициясын аздап жоғалтып, әлемдік рейтингте бесінші орыннан жетінші орынға түсті. Соған қарамастан, камерасы мен экраны жоғары деңгейдегі әмбебап смартфон іздегендер үшін бұл үлгі әлі де сұраныста.

Қытайлық брендтер алғашқы бестікті түйіндеді:

Xiaomi – 41,8 млн бірлік (13,7%)

OPPO – 23,5 млн бірлік (7,7%)

vivo – 22,7 млн бірлік (7,4%)

Redmi 14C – Қазақстандағы бюджеттік сегменттің үздігі

100 мың теңгеге дейінгі баға сегментінде Xiaomi-дің Redmi 14C моделі Apple мен Samsung-ке жатпайтын, үздік ондыққа енген жалғыз смартфон.  Қазақстанда бұл құрылғы студенттер, зейнеткерлер және қаражатты үнемдегісі келетін тұтынушылар арасында өте танымал. Сондай-ақ Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы сияқты дамушы нарықтарда да үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Трендте бюджеттік смартфондар

Жаһандық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында сатылған әр бесінші смартфонның бағасы 100 доллардан төмен болған. Олардың үлесі әлемдік сатылымның шамамен 20%-ын құрады. Қазақстан да бұл үрдісті толықтай растап отыр.

Бұл тенденция, әсіресе, инфляция мен әлеуметтік тұрақсыздық аясында смартфонды үнемдеп алғысы келетін сатып алушылар арасында байқалған.

2025 жылға болжам

IDC компаниясы болжамын қайта қарап, смартфон нарығының жылдық өсімі бар болғаны 0,6% болады деп отыр – яғни 1,24 млрд құрылғы сатылады. Бұл көрсеткіш ақпандағы 2,3% болжамнан әлдеқайда төмен. Өсімнің баяулауына инфляция, халық табысының азаюы, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы және валюта бағамының тұрақсыздығы себеп болады.

Еске салайық, осыған дейін iPhone 17 Air Apple тарихындағы ең жұқа смартфон болатынын хабарлаған едіка.

Ал 13 мамырда Samsung Galaxy S25 Edge жаңа смартфонын таныстырды.  

Сондай-ақ оқыңыз