
Қазақстанда шетелге және ел ішінде саяхаттайтын адамдардың саны жылдан-жылға артып келеді. Былтыр елімізден миллионнан астам адам шетелге демалысқа шыққан.
Саяхатшылардың шешіміне түрлі фактор әсер етеді. Соның ішінде travel vlog жасайтын блогерлердің ықпалы ерекше. Бірқатар елдің саяхатшылары саяхатқа шықпастан бұрын 71% әлеуметтік желіге, 49% саяхат влогына сүйеніп, шешіп қабылдайды екен.
Қазақстанда саяхат насихаттаушы блогерлер көп, қазақша влог жүргізетіндері аз. Бүгін YouTube-та қазақша travel влогы бар 4 арнаны ұсынамыз.
Руслан Меделбек. Әлемнің 50 елін аралаған Руслан арнасында шетелге саяхаттау жолдары, виза алу, шетелден жұмыс табу, саяхаттағанда ескерер жайттар жайлы видеолар бар.
Sayahat time. Ерлі-зайыпты Жазира мен Ернар Қазақстан мен әлем елдеріне саяхатын видеоға таспалап, шетелде жүрген қазақтардың тұрмысын да ұмыт қалдырмайды.
Жалғыз жолаушы. Саяхаттауды арман ететін автор шетелдегі қазақтардың өмірі туралы жиі влог жасайды.
Temirlan Mukashev. Темірлан бес жылдан бері қазақша влог түсіріп, әлемнің кедей де, бай да, қауіпті де аймақтарын аралап үлгерген.