
Қытай Қазақстанға 1 млрд доллар несие бермек. China Development Bank (Қытай даму банкі) мен Қазақстанның Даму Банкі арнайы келісімге қол қойды.
Бұл құжат – «Қытай – Орталық Азия» форумында қол қойылған құны 24 млрд доллардан асатын 58 келісімнің бірі.
Несие желісі екі валюта: юань мен АҚШ долларында ашылады. Жалпы сомасы 1 млрд долларға тең.
Қазақстан бұл қаржыны Қытаймен бірлесіп жүзеге асырылатын маңызды салалардағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға пайдалануды жоспарлап отыр.
Одан бөлек, Жамбыл облысында жүгеріні терең өңтейтін зауыт, Павлодар облысында сұйық май шығаратын кәсіпорын салу, Түркістан облысында мақта кластерін құру туралы келісімдерге қол қойылған.