264 мың зейнеткер зейнетақы жинағын алмаған: 37,3 млрд теңге шотта жатыр

Жарияланды 20 Маусым 2025 17:01

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар тарапынан талап етілмеген 37,3 млрд теңге жатыр. Бұл қаражат зейнет жасына жеткенімен, түрлі себептермен қордан алмаған 264 695 азаматтың жеке шоттарында жинақталған.

БЖЗҚ дерегінше:

  • екі жүз мыңнан аса азаматтың 148 335-і қайтыс болған. Олардың жинақтарын мұрагерлері ала алады.
  • Тағы 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен.
  • Ал қалған 56 560 адам зейнет жасына жеткенімен, өз тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барып, төлем тағайындауға өтініш білдірмеген.

Салымшының өзі немесе мұрагерлер талап еткенге дейін, ол зейнетақы жинақтары инвестицияланып, шотта сақтала береді.

Атап өтейік, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз