«Сүлеймен сұлтан» телехикаясының актері 2,3 жылға сотталды

Жарияланды 20 Маусым 2025 17:06

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Актера из "Великолепного века" осудили за домашнее насилие
Озан Гювен сотталды/фото: телесериалдан скриншот

Түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды. Гювен «Сүлеймен сұлтан» телехикаясында Рүстем пашаның рөлін сомдаған.

Сот отырысы Ыстанбұлда өтті. Сот Озан Гювенді тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекетіне барғаны үшін кінәлі деп таныды. Жәбірленуші – оның бұрынғы сүйіктісі Дениз Булутсуз.

Дениз Булутсуз полицияға 2020 жылы арызданған. Оның денесінде жарақат барын дәрігерлер растаған. Ол кезде Гювен өз кінәсін мойындамай, керісінше Денизді бірінші болып агрессия танытты деп қарсы арыз берген. Бірақ бес жылдан кейін сот Дениздің жағына шығып, актердің қарсы арызын қабылдамады. Енді Гювеннің адвокаттары үкімге шағымданғалы жатыр.

50 жастағы Озан Гювен – Түркияның танымал актерлерінің бірі. Ол көпшілікке «Сүлеймен сұлтан» телехикаясындағы Сүлеймен сұлтанның күйеу баласы Рүстем паша рөлінен кейін танылды.

Айта кетейік, бұған дейін Сүлейман Сұлтан рөлім сомдаған Халит Ергенч 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды. ВВС мәліметіне қарағанда, танымал актерге 2013 жылы жалған куәлік берді деген айып тағылған.

Сондай-ақ оқыңыз