Қазақстан 2,5 млрд долларға еурооблигация шығарды

Жарияланды 25 Маусым 2025 10:21

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қазақстан әлем нарығына 2,5 млрд долларға еурооблигация орналастырды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстан әлем нарығына 2,5 млрд долларға еурооблигация орналастырды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан 2025 жылғы 24 маусымда халықаралық капитал нарығына 2,5 млрд доллар еурооблигация шығарды. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, құнды қағаздар айтарлықтай ұзақ мерзімге орналастырылды:

  • – 7 жыл мерзімге 1,35 млрд доллар сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5%;
  • – 12 жыл мерзімге 1,15 млрд доллар сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5,5%.

Қаржы министрлігі ұсыныс қарсаңында Лондонда роудшоу өткізді. Оған шамамен 180 ірі инвестор қатысты.

«Еурооблигацияға сұраныс ұсыныстан екі есе асып түсті. Бұл Еуропа, АҚШ, Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген инвесторлардың қызығушылығы жоғары екенін көрсетті», – деп хабарлады министрлік.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында листингке енеді.

Қазақстан соңғы рет халықаралық облигациялар нарығына 2024 жылдың қазанында шыққан. Ол кезде 10 жылдық облигацияларды 1,5 млрд доллар көлемінде орналастырып, жылдық купондық мөлшерлемесі 4,714% деңгейінде белгіленген

Сондай-ақ оқыңыз