
Бейсенбі, 26 маусымға арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 518,50 теңге тұрады.
Қазақстандағы валюта бағамы
Ұлттық валюта осы аптада шамамен 3 теңгеге нығайды. 23 маусымда ғана доллар 521,7 теңге тұрған.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 520,5 теңгеден сатылып, 519 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 516 және 522.
Криптовалюта
Bitcoin (BTC) құны қайтадан көтеріліп жатыр. Қазір BTC 107 мың доллар тұрады. 23 маусымда, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оның құны 98 мың долларға дейін түсіп кеткен еді. Санаулы күндердің ішінде Биткоин шамамен 10 мың долларға көтерілді.
Ethereum (ETH) да қайта нығайып келеді. Қазір ETH 2 523 доллар тұрады. Апта басында ғана оның бағасы 2 176 долларға дейін түсіп кеткен. Криптовалютаның құнын жоғалтуына Таяу Шығыстағы шиеленіс әсер еткен.