Доллар мен криптовалюта бағамы

Жарияланды 26 Маусым 2025 16:43

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермеді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермеді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жұма, 27 маусымға арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 518,34 теңге тұрады. Бағам айтарлықтай өзгеріске ұшырамады.

Қазақстандағы валюта бағамы

Ұлттық валюта осы аптада шамамен 3 теңгеге нығайды. 23 маусымда ғана доллар 521,7 теңге тұрған.

Kurs.kz сайтының мәліметіншеАлматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 520,5 теңгеден сатылып, 519 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 517 және 523.

Криптовалюта

Bitcoin (BTC) құны қайтадан көтеріліп жатыр. Қазір BTC 107,3 мың доллар тұрады. 23 маусымда, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оның құны 98 мың долларға дейін түсіп кеткен еді. Аз уақыттың ішінде Биткоин шамамен 10 мың долларға көтерілді.

Ethereum (ETH) бір күннің ішінде құнын әжептәуір жоғалтты. Қазір ETH 2 447 доллар тұрады. Бір күн бұрын, 25 маусымда ғана ол  2 523 долларға саудаланған. Айта кетейік, апта басында ғана Этериум бағасы 2 176 долларға дейін түсіп кеткен еді. Криптовалюта құнының төмендеуіне Таяу Шығыстағы шиеленіс әсер еткен.

Binance Coin (BNB) токені шамамен 646 долларға саудаланып жатыр. 23 маусымда оның құны 605 долларға дейін түсіп кеткен еді. Үш күнде BNB қайтадан 40 долларға көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз