
Әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram парақшасында әншілік мансабына нүкте қойғанын меңзейтін жазба жариялады. Қара фонда жазылған қысқа ғана мәтін көпшілікті алаңдатты:
«…Болды.
Мен бәрін тоқтаттым.
Сахна. Камера. Ән. Жарық.
Келесі қадам — үнсіз.»
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты бірнеше концертін кейінге қалдырған болатын. Алматы, Астана, Шымкент және Тараз қалаларында өтеді деп жоспарланған жеке кештері белгісіз мерзімге шегерілгені хабарланған.
Соңғы рет, Төреғали қарындасы Фариза Төреәлінің үйінді бой көрсетті. Сахнадан да, әлеуметтік желіден де көрінбей кетті. Тіпті шулы болған Сәкен Майғазиевтің тойында да көрінбеді.