Ақмолада қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар 5 жылға сотталды

Жарияланды 3 Шілде 2025 19:02

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
фото: ашық дереккөзден

Көкшетау қаласында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 26 және 24 жастағы азаматтар бес жылға сотталды. Бұл жайлы Ақмола облыстық прокуратурасынан хабарлайды.

Жалпы соңғы үш жылда Ақмола облысында қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілеріне байланысты 10 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде «Charoit», «Qnet», «Асар баспана», «Chai Tai», «S-Group», «Лайм Академия», «ChiaTai Tianging», «Buyers Union» тәрізді топтар бар. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген тағы тоғыз тұрғынға түрлі қылмыстық жазаға тартылды.

Олар парақшасын белсенді түрде жүргізіп, жаңа қатысушыларды тарту үшін қымбат көліктер мен үлкен табыстарды көрсеткен. Одан бөлек желілік маркетинг схемаларын қолданып, азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған туристік карталар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға шақырып, жоғары табыс уәде еткен.

Нәтижесінде, сотталғандар 39 адамды қаржы пирамидасына тартқан, келтірілген шығын 40 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, бүгін Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Оны үгіт-насихат жүргізіп, әлеуметтік желіде жарнама жасауға жауапты болған деп айыптады.

Сондай-ақ оқыңыз