Валюта бағамы: Bitcoin қымбаттаса, теңге аздап әлсіреді

Жарияланды 8 Шілде 2025 16:16

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қазақстанда доллар қымбаттады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермеді, бірақ Bitcoin қымбаттады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сәрсенбі, 9 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 519,58 теңге тұрады. Ұлттық валюта бағамы аздап әлсіресе, Bitcoin құны көтеріліп жатыр.

Доллар бағамы тұрақты

Доллар бір тәулікте бар болғаны 0,07 теңгеге арзандады. Жалпы алғанда, шілде айы ұлттық валюта үшін айтарлықтай тұрақты болды. Теңге 24 маусымнан бері шамамен 518-520 теңге аралығында сақталып тұр. Салыстырар болсақ, тура бір ай бұрын доллар 508 теңге болған. Содан бері АҚШ валютасы шамамен 11 теңгеге күшейгенімен, кейінгі бірнеше күн бойы теңге құнын айтарлықтай жоғалта қойған жоқ.

Kurs.kz сайтының мәліметіншеАлматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 519,5 теңгеден қабылданып, 521,4 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 516 және 524 теңге.

Bitcoin қымбаттады

Өткен аптаның аяғында 110 мың долларды бағындырған Bitcoin (BTC) бүгін сол межеге тағы да ұмтылып жатыр. Қазір BTC шамамен 108,8 мың доллар тұрады. Бір күн бұрын Биткоин құны апта басында 108-109 мың аралығында жылдып жүр.

Биткоин капиталы 2,164 трлн долларға дейін түсті.

Бұған дейін мамандар осы айда биткоин 115-118 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжаған. Сарапшылар осы ойынан әлі де айныған жоқ.

Ал Ethereum (ETH) болса әжептәуір нығайып келеді. Қазір ETH шамамен 2 565 доллардан сатылып жатыр. Ол тәулікті 2 527-ден бастаған. Содан бері 38 долларға нығайып үлгерді. Эфириум капиталы – 311 млрд доллардан асты.

Binance Coin (BNB) токені шамамен 660 доллардан саудаланып жатыр. 22 маусымда ол 511 долларға дейін түсіп кеткенін ескерсек, қазір Бинанс Коинның жағдайы жаман емес. Капиталы – 93 млрд доллар.

Сондай-ақ оқыңыз