Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады

Жарияланды 10 Шілде 2025 18:56

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады қуантты
Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады қуантты/Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов люкс санаттағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатып алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Жекпе-жек шебері осылайша өзіне қымбат сый жасауды шешкен.

«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды», – деп жазды Рахмонов әзілдеп желідегі парақшасында.

Mercedes-Benz-тің Қазақстандағы ресми дилерінде аталған көліктің құны 103 млн теңгеден басталады.

UFC жұлдызы бұған дейін жарақаты жазылып жатса, желтоқсан айынша сегізбұрышқа оралып қалуы мүмкін екенін айтқан.

Оның алдында спортсүйер қауып асыға тосып жүрген Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз