
Apple компаниясы 2026 жылдың алғашқы жартысында MacBook Pro, арзан iPhone 17e және iPad шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздеріне сүйене отырып хабарлады.
Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, Apple 2026 жылдың көктемінде бірнеше жаңа өнімін саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Олардың арасында жаңарған планшет, iPad Air, сонымен бірге MacBook бар. Корпорация арзан айфонның жаңа түрін ұсынады – iPhone 17e. Оның алдындағы нұсқасы 599 долларға бағаланған.
Компания MacBook Pro мен Air-дің жаңа түрін шығаруды алдағы жылға қалдырған. Алдын мұндай өнім 2025 жылы саудаға түседі деп жоспарланған.
Коронавирус пандемиясы кезінде көп өнім сатқан Apple тауарларына кейінгі екі жылда сұраныс азайды, деп жазды Bloomberg.
Дереккөздердің айтуынша, iPhone 17e бұған дейінгі 16e үлгісіне ұқсас болады. Бірақ жаңасына A19 процессоры орнатылады. Бағасы салыстырмалы түрде арзан айфон 2026 жылдың басында саудаға түседі. 16e 2025 жылғы ақпанда сатыла бастаған. iPhone 16E – төртінші буынға жататын арзан смартфон.