
Танымал актер, Бойка рөлімен танымал болған Скотт Эдкинс Шавкатпен жекпе-жекке шығатын болса кімнің жеңіске жететінін айтты. Бұл туралы актер Comic Con Astana фестивалінде журналисттердің сұрағына жауап берді.
Журналистің: Сіз бұрынғы кәсіби файтерсіз, егер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шықсаңыз, кім жеңеді деп ойлайсыз? деген сұрағына Эдкинс сыпайы әрі әзілмен жауап берді.
«Шавкат мұнда жоқ қой, иә?» — деп әзілдеген актер, кейін:
«Мен барлық файтерлерге терең құрметпен қараймын. Өмірін жекпе-жекке арнаған кез келген адамды сыйлаймын. Егер кәсіби түрде дайындалып, спортшы болсам, мүмкін, мықты файтер болар ма едім. Бірақ, менің айтайын дегенім — кино мен өмір екі бөлек. Экрандағы төбелес пен октагонда жұдырықтасу екі түрлі дүние. Кәсіби файтер болу — өте ауыр жұмыс. Елестетіп көріңізші, сіздің нәпақаңыз – күн сайын бетіңізге соққы алу. Мен де кейде солай табыс табатынмын, бірақ мені жиі ұрмайды», — деді Скотт Эдкинс.
Сондай-ақ актер UFC-де Шавкаттың есімін естімегенін айтты.
«Шавкат бұл сөзімді көріп, ренжімесін. Бұрын UFC жекпе-жектерін жиі көретінмін, қазір онша қарай бермеймін. Сол себепті Шавкатты танымайды екенмін », — деді Эдкинс.
Скотт Эдкинс кино әлемінде «Доктор Стрэндж», «Люди Икс: Начало. Росомаха», «Универсальный солдат 4», «Преступник», «Ип Ман 4», «Цель номер один», «Розовая пантера» сияқты киноларға түскен. Сондай-ақ аты аңызға айналған «Неоспоримый» франшизасындағы Юрий Бойка рөлімен миллиондаған жанкүйердің есінде қалған.