Блогер Артур Асқарұлының үйлену тойын тікелей эфирден 50 мың адам көрді

Жарияланды 15 Шілде 2025 08:39

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
/ фото: instagram/archibaaalt
Артур Асқарұлы мен Замира Саидова үйленді / фото: instagram/archibaaalt

28 жастағы қазақ блогері әрі актер Артур Асқарұлы мен Замира Саидова өткен демалыста үйленді. Олардың тойы интернетте тікелей эфирде тегін көрсетілді.

Жас жұбайлардың некелесу салтанатын 50 мыңнан аса көрермен тамашалады. Үйлену тойында Роза Рымбаева сынды эстрада жұлдыздары, «Дос Мұқасан», «МузАрт» топтары өнер көрсетті.

Блогер Instagram әлеуметтік желісіндегі парағына беташарда түсірілген видео жариялап, тойға кімнің қанша ақша әкелгенін де жазды. Сыйлық 22 мыңнан басталып 1 млн теңгеге дейін жетті.

Артур Асқарұлы – белгілі жүргізуші Гүлмира Дайрабайдың үлкен ұлы. Ол былтыр қалыңдығымен мұсылманша некесін қиған еді.

Тойды тікелей эфирде көрсету – жұлдыздар арасында жаңа тренд. Мұндай үрдісті Сәкен Майғазиев бастады. Әнші ұлы Әділеттің үйлену тойын телеграм арқылы тікелей эфирде өткізді. Ал оған тіркелу құны 1380 теңге болды.

Сол кезде эфирді тамашалауға 7 мыңнан аса адам жиналды. Бес сағаттық салтанатты кеш эфирін сатудан шамамен 10 млн теңге көлемінде табыс түсті.

Осыдан кейін эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас та концерттерінің тікелей эфирін 990 теңгеге сата бастады.

Сондай-ақ оқыңыз