Александр Македонскийге арналған монеталар сатылымға шығады

Жарияланды 26 Шілде 2025 12:40

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
ALEXANDER THE GREAT монетасы шығады/фото: Ұлттық банк

Александр Македонский коллекциялық монеталары сатылымға шығады. Мұны Қазақстан ұлттық банкі хабарлады.

«Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап https://kazcoins.nationalbank.kz банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Ұлттық банк бұған дейін «Қазақстанның футбол клубтары» және «Қазақстан Футбол Федерациясына» арналған коллециялық монеталарын айналымға шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз