Жаңа Toyota Camry 2026: аңызға айналған седан несімен таңғалдырады

Жарияланды 29 Шілде 2025 17:06

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Жаңа Toyota Camry төрт қозғалтқыш нұсқасымен ұсынылады / Фото: ITHome

Toyota Camry седанының жаңартылған нұсқасы сатылымға шықты. Алайда бұл Қазақстанда емес, көрші Қытай елінде. Автокөлік тоғызыншы буындағы дизайнын сақтап, техникалық жағынан жаңартылды.

ITHome порталының мәліметінше, жаңа Camry төрт қозғалтқыш нұсқасымен ұсынылады: 2.0 литрлік атмосфералық, 2.0 литрлік гибрид, 2.5 литрлік гибрид және 2.0 литрлік Dual Engine Sports Lite. Модель Platinum White Pearl, Titanium Silver, Cyber Gray, Smoky Crystal Black, Dazzling Red және Opal Silver деп аталатын алты түрлі түспен қолжетімді болады.

Модельдер жиынтығы:

  • 2.0 литрлік гибрид Premium/Sport/Sport Plus. Стандартты жабдыққа панорамалық шолу жүйесі (PVM), цифрлық кілт, 18 дюймдік дискілер және басқа да функциялар кіреді;
  • 2.0 литрлік Hybrid Premium Edition модельінде жоғарыда аталғандарға қосымша ретінде ақ түсті салонымен жабдықталуы мүмкін;
  • 2.5 литрлік гибрид Premium Edition / Sports Plus Edition-да PVM, цифрлық кілт және көлік, адам мен нысандарды анықтайтын автотұрақ көмек жүйесі (PKSB) бар.

Барлық нұсқалар үздіксіз беріліс қорабымен (CVT немесе E-CVT) жабдықталған.

Фото: ITHome

Бағасы

2026 жылғы Toyota Camry Қытайда 171,8 мың юаньнан (шамамен 13 млн теңге) басталады. Флагмандық нұсқасы – 259,8 мың юань (шамамен 19,7 млн теңге).

Еске салсақ, осыған дейін жапондық Toyota компаниясы аты аңызға айналған Celica моделін қайта шығаратынын ресми түрде растаған болатын. Жаңа GR Celica 2027 жылы таныстырылады.

Сондай-ақ оқыңыз