
Ұлттық банк теңгенің құнсыздануын тежеуге 125,6 млн доллар жұмсағанымен, 1 шілдеде доллар қайтадан көтеріліп жатыр. Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 АҚШ доллары 543,24 теңге тұрады. Ақша айырбастау мекемелерінде көк қағаз 548-549 теңгеден сатылып жатыр.
Доллар мен теңге бағамы
Екі күн бұрын, 30 шілдеде доллар 550 теңгеден жоғары көтерілген уақытта, Ұлттық банк валюта саудасына аралысып, 125,6 млн долларға инвервенция жүргізген. Соның арқасында ұлттық валюта бірден 10 теңгеге нығайып, бір доллар шамамен 540 теңгеге түскен.
Алайда бүгін, 1 шілдеде Құрама Штаттар валютасы қайтадан көтеріліп жатқанын көріп отырмыз. KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесінде, АҚШ валютасы 2,52 теңгеге нығайып, бағам 543,24 теңге болды.
Ақша айырбастау мекемелері көк қағазды 547-548 теңгеден саудалап отыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 543,5 теңгеден қабылданып, 545 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғарырақ – 540 және 547. Елордадағы кей пункт долларды 548 теңгеден қабылдайды.
Жұма күні сағат 15.30-дағы мәліметке сәйкес, қор биржасында 72 млрд теңгеге, яғни 133 млн долларға валюта саудасы жасалды. Соған қарағанда, Ұлттық банк валюта саудасына әзірге араласып жатқан жоқ.
Криптовалюта нарығы
1 шілдеде криптовалюталардың барлығы дерлік құнын жоғалтты. Bitcoin 2.89%-ға, Ethereum 5.83%-ға, Binance Coin 4.38%-ға, Solana 7.33%-ға арзандады.
Шілденің ортасында 120 мың доллардан жоғары көтерілген Bitcoin (BTC) бүгін айтарлықтай құнын жоғалтты. Қазір BTC шамамен 115,1 мың доллардан саудаланып жатыр.
Биткоин капиталы – 2 трлн 290 млрд.
Нарықтағы құны жағынан екінші криптовалюта – Эфириум бүгін бірден шамамен 6%-ға арзандады. Ethereum (ETH) қазір шамамен 3 626 доллар тұрады. Эфириумның нарықтағы капиталы – 437 млрд.
Есесіне Binance Coin (BNB) токені бір тәулікте шамамен 4%-ға арзандады. Ол қазір шамамен 769 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 107 млрд.
Құнын ең көп жоғалтқан валюта – Solana (SOL). Ол бүгін бірден шамамен 7%-ға арзандады. Қазір SOL 168 доллар тұрады. Солананың нарықтағы құны 90,5 млрд.