UFC 7,7 млрд долларлық келісімшарт жасады

Жарияланды 11 Тамыз 2025 18:31

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
ESPN-мен UFC арасындағы келісім бес жылда 1,5 млрд доллар әкелген еді / фото: KursivMedia мұрағаты
ESPN-мен UFC арасындағы келісім бес жылда 1,5 млрд доллар әкелген еді / фото: KursivMedia мұрағаты

UFC 2025 жылдың соңында ESPN телеарнасымен келісімшартты тоқтатпақ. Өйткені, Paramount компаниясымен жаңа келісім жасаған.  

Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, бұл UFC келісімшарты бағасы өте қомақты. Компания жеті жылға 7,7 млрд доллар төлемек.

АҚШ-та жекпе-жектер Paramount+ стриминг-сервисінде және CBS телеарнасында көрсетіледі. Paramount+ 79 млн-нан астам жазылушыға ие.  АҚШ-та бұл платформа Чемпиондар лигасын және америкалық футболдың басты лигасы – NFL-дің кейбір матчтарын көрсетеді.

Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, ESPN-мен алдыңғы келісім UFC-ге бес жылда 1,5 млрд доллар әкелген. Яғни, бұл жолғы UFC келісімшарты бес есе көп.

Ең бастысы, Paramount-пен жасалған келісім бойынша ақылы трансляциялар жүйесі болмайды. UFC үшін тартыста Paramount Netflix-ті басып озды. Айта кетейік, Netflix өткен жылдан бері спорт саласына белсенділік көрсетіп келеді.

Дана Уайттың айтуынша, жаңа телеарналық келісім ММА-ны әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің біріне айналдырмақ.

АҚШ-тағы жанкүйерлер алғаш рет барлық UFC контентін PPV-сыз тамашалай алады. Бұл тарихи жекпе-жектерді көруді одан әрі оңай етеді.

Айта кететін жайт, Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде жеңіске жеткен еді. 

Сондай-ақ оқыңыз