«Үшқұю» компаниясының акциялары биржадан алынып тасталды

Жарияланды 12 Тамыз 2025 12:26

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: коллаж Kursiv.Media

12 тамыздан бастап Ақтаудағы «Үшқұю» компаниясының қарапайым акциялары KASE-нің ресми тізімінен алынып тасталды. Бұл жайлы биржа сайтында жазылған.

Қор биржасының дерегінше, делистинг жасауға компанияның өтелмеген берешегі себеп болған.

«KASE қорытындысында аталған акцияларды делистингтеу үшін «Үшқұю» АҚ осы бағалы қағаздар бойынша жыл сайынғы листингілік алымды төлеу бойынша өтелмеген берешектің болуы және KASE-нің «Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері» атты ішкі құжатында белгіленген ақпаратты ашу жөніндегі талаптардың сақталмауы болып табылатыны атап өтілді», – деп жазылған биржа мәліметінде.

Компания акциялары биржадағы сауда-саттығын 2016 жылы 14 қаңтарда бастады. Ал 2017 жылы  KASE ресми тізімінің баламалы алаңының «акциялар» секторында болды.

«Үшқұюдың» қазіргі жағдайы қандай?

Мұнай-газ саласындағы «Үшқұю» компаниясының 23%-ы 2020-2022 жылдары QazaqGaz компаниясын басқарған Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі. 

Былтыр жарияланған қаржы есебіне сүйенсек, компанияның 53,7 млрд теңге көлемінде өтелмеген берешегі болған.

2023 жылы «Үшқұю» компаниясы активтері 28,5 млрд теңгеден 1,4 млрд теңгеге дейін, ал міндеттемелері 107,8 млрд теңгеден 51,3 млрд теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде, компанияның міндеттемелері активтерінен 23,7 млрд теңгеге асып түсті (2022 жылы – 96,4 млрд теңгеге асқан).

2024 жылы күзде «Үшқұю» мұнай-газ кәсіпорны топ-менеджерлеріне 2023 жылы жалпы 8,4 млн теңге төлегені хабарланған еді. Бірақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компания сыйақы жайлы есеп бермеді деп ескерту жасаған.

Осыдан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті «Үшқұюды» тексеретінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз