
Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Group компаниясы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін дивиденд төлемейді. Бұл жайлы KASE-де жарияланған хабарламада жазылған.
Дивиденд төлемеуге компанияның қаржылық жағдайы себеп болуы мүмкін. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Fincraft Group холдингі 2,1 млрд теңге көлемінде шығын келді.
Осы жылы көктемде 2024 үшін де дивиденд төлемейтінін хабарлаған еді. Жалпы 2019 жылдан бері компания бірде бір рет дивиденд төлемеген.
Кеңес Рақышев Fincraft Group арқылы «БТА» мен «Fincraft Resources» компанияларын да басқарып отыр. Жақында ол Украинадағы БТА банкін Вячеслав Мишалов пен Дмитрий Шевчукке сатқалы жатқанын хабарлады.