Пәтер, екі көлік пен 10 млн: Аша Матай Гүлзира Айдарбековадан асып түсті

Жарияланды 14 Тамыз 2025 15:31

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Аша Матай пәтер, екі көлік пен 10 млн ұтыс ойынын жарнамалап жатыр / фото: Instagram.com / asha_matai
Аша Матай Гүлзира Айдарбековамен жарысып, пәтер, екі көлік пен 10 млн ұтыс ойынын жарнамалап жатыр / фото: Instagram.com / asha_matai

Аша Матай Гүлзира Айдарбековадан асып түсіп, Алматыдан пәтер, екі көлік пен 10 млн теңге ұтыс ойнататынын жария етіп отыр.

Жұмбақ талап

Бірақ жұлдыз ойынның шарттарын ашық айтпады. Ол үшін инстаграмдағы жарнамадағы сілтемеден өтіп, ватсап топқа тіркелу керек. Қазіргі белгілі талабы – тікелей эфирге қатысу. Бірақ ұтыс ойының әзірге егжей-тегжейі белгісіз.

Алайда, жеке бейнежазбасында Аша Матай досының сусабынын жарнамалап жүргенін айтты.

Соңғы кездері қазақстандық жұлдыздар жазылушылардың қарасы қалың екенін пайдаланып, Instagram-ды сауда алаңына айналдырып келеді.

Жүлде қоры қандай?

Мәселен, 17 тамызда танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюссері Гүлзира Айдарбеков сусабынын жарнамалап, ұтыс өткізгелі жатыр. Ол бағасы 50 млн болатын Lexus көлігін және 10 млн теңге ұтыс жариялаған. Аша Матай одан асып түсіп, ақшалай қаражатты айтпағанда, Алматыдан бір пәтер, бір емес екі көлік  ұтысқа шығармақ.

Бұдан бөлек, Төреғали Төрәлінің қарындасы Фариза Төрәлі кітабын сатқандардың арасында көлік ойнатып жатыр.

Заңға қайшы ма?

Заңгер Нұра Тынысқызының айтуынша, лотерея туралы заңға сәйкес, «Сәтті жұлдыздан» басқа ешкімнің лотерея ойнатуына болмайды.

«Блогерлердің заңды айналып өтіп жатқаны рас. Алайда, кішігірім нәрсе болса, оны лотерия деп атауға келмейді. Мазмұны ұқсаса да, лотерея болып есептелінбегендіктен кейін, заңға тартылмайды», – дейді заңгер.

Қандай кезде жауапқа тартылады?

Заңгердің сөзіне қарағанда, мұндай шараға қатысқан адам алданып қалса ғана, заң бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

«Өнімдерінің сертификаттары, құжаттар бар шығар. Кәсіпкерлік қызмет заң шеңберінде болуы керек. Тауар сапасыз болса, адамға зиян келтірсе және ол ұтыстар заңға қайшы болса, сонда ғана заң алдында жауап береді», – дейді Нұра Тынысқызы.   

Сондай-ақ оқыңыз