
Қазақстандық Clover Street Production студиясының «Жезтырнақ» фильмі Канадада өткен Bloody Horror International Film Festival байқауында «Үздік фильм» атанды. Бұл фестиваль — әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тәуелсіз қорқынышты фильмдер сайысатын, жоғары іріктеу деңгейімен танымал беделді шара.
«Жезтырнақ» — қазақтың дәстүрлі фольклорына негізделген, комедия элементтері бар хоррор. Фильм авторлары қазақ қоғамында көп кездесетін қорқыныштар мен фобияларды да шығарманың өзегіне қосқан.
Бұған дейін Kursiv отандық хоррор жайлы рецензия жазған еді. Анвар Матжанов түсірген «Жезтырнақ» фильмін Freedom Media платформасынан көруге болады.