Трамп билікке келгелі 100 млн долларға құнды қағаз сатып алған

Жарияланды 21 Тамыз 2025 10:36

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлықтау салтанатының ертесіне 600-дан аса қаржы операциясын жасаған. Reuters мәліметінше, саясаткер 100 млн доллардан астам қаражатқан құнды қағаздар сатып алған.

2025 жылғы қаңтардан бері Трамп корпоративтік, мемлекеттік және муниципалдық облигациялар алған. Миллиардер президенттің активі одан сайын өсе түскен.

Осының бәрі сейсенбі күні Интернетке жарияланған қаржы есептерінен мәлім болды. АҚШ үкімет этикасы басқармасының 12 тамыздағы құжатында қаржы операцияларының құны көрсетілмеген.

Трамп сатып алған құнды қағаздар арасында Citigroup, Morgan Stanley және Wells Fargo, сонымен бірге Meta, Qualcomm, Home Depot, T-Mobile USA және UnitedHealth Group облигациялары бар.

Бұған қоса, Ақ үй қожайыны қалалар, штаттар, округтер және басқа да эмитенттер шығарған құнды қағаздарды алған.

Мәліметтерге қарағанда, активтердің оның билігі кезінде АҚШ саясаты өзгерген уақытта құны өсуі мүмкін салаларға қатысы бар.

«Президент Трамп байлығы едәуір ұлғайды. Оның активтерінің ауқымды бөлігінің криптовалюта мен Trump Media-ға қатысы бар», – дейді Oxford Economics сарапшысы Джон Канаван The Guardian басылымына.

Трамптың маусым айында өткізген жылдық декларациясы түрлі дереккөздердегі табыс түптеп келгенде президентке баратынын көрсетті. «Осының өзі оны мүдделер қақтығысы үшін айыптауға негіз бола алады», деп жазды басылым.

Reuters есебінше, Трамп кем деген 1,6 млрд доллардың активін декларацияға енгізген.

Сондай-ақ оқыңыз