«Алатау серілері» тобы «Қайрат» футбол клубына жаңа гимн арнады

Жарияланды 21 Тамыз 2025 12:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алатау серілері тобы «Қайрат» клубына жаңа гимн арнады / фото: instagram: alatau_serileri

Алматылық «Қайрат» футбол клубына арнайы жаңа гимн жазылды. Әнді елге танымал «Алатау серілері» тобы ұсынды.

Өнер ұжымы бұл туындыны ел намысын қорғап жүрген спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жазғанын айтады.

«Ел үшін бәйгеге түскен азаматтар әрқашан бір-біріне қолдау білдіріп, тектіліктің үлгісін көрсетуі керек. Біз аламандағы әр ойыншыға рух, жігер, қайсарлық тілейміз! Жеңіс пен абырой серік болсын!», — дейді «Алатау серілері» тобының мүшелері.

Жаңа гимн Apple Music, Spotify, Yandex Music және YouTube платформаларында қолжетімді.

Айта кетейік, «Қайрат» кеше 20 тамыз күні Глазгода жергілікті «Селтикпен» тең түсті. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға сәл-ақ қалып тұр. Енді бәрі 26 тамыз күні Алматыда өтетін жауапты ойында шешіледі.

Сондай-ақ оқыңыз