Ninety One тобының мүшесі ACE сүйіктісімен бірге гендер пати өткізді

Жарияланды 24 Тамыз 2025 11:16

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Азамат Ашмақын сүйіктісі Нұриләмен бірге / Фото: инстаграм парақшасынан

Ninety One тобының мүшесі, танымал әнші Азамат Ашмақын (сахнадағы аты — АСЕ) әке атанбақшы. Сүйіктісі Нұриләмен бірге gender party өткізіп, бейнежазбасын инстаграм парақшасында жариялады.

«Біз бұл сәтті үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын» — деп жазды әнші.

Бейнежазбада достары қатысқан gender party сәті де көрсетілген, онда болашақ сәбидің жынысы да белгілі болды. АСЕ пен Нұрила алдағы уақытта қыз баланың ата-анасы атанбақ.

Айта кетейік, Азамат Ашмақын бұған дейін өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен. Арудың есімі – Нұрила Шакирова, ол Instagram парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.

Сондай-ақ оқыңыз