S&P Global Ratings Қазақстан рейтингін «жайлы» деп өзгертті

Жарияланды 25 Тамыз 2025 10:33

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қазақстан рейтингі
Фото: shutterstock

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан бойынша болжамды «тұрақтыдан» «жайлы» деп өзгертті. Бұл туралы Kursiv.Media Ұлттық банк мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қазақстанның орталық банкінің мәліметінше, S&P Global Ratings ел рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

«Болжам ел экономикасын ырықтандыру мен әртараптандыруға, сонымен бірге мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған шаралардың оң динамикасын көрсетеді», – деп сипаттады ҰБ.

Бұған қоса, агенттік сыртқы қарыздың қалыпты мөлшерін және халықаралық резервтердің тұрақты деңгейін атап өтті.

Болжамның оң екенін анықтайтын факторлардың ішінде S&P ақша-несие саясаты негізінің нығаюын, Ұлттық Банктің инфляцияның өсуін тежеу әрекетін және квазифискалдық операциялар көлемінің қысқаруын көрсетті.

Сарапшылар банк секторының геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге төзімді, капитал резервінің жеткілікті, өтім тұрақты екеніне де тоқталды. Бұл ретте тұтыну кредиттері төмендейді деген болжам бар.

S&P мамандары пікірінше, ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттық емес кірістердің өсуіне ықпал етеді.

Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2025 жылы 5,5% деңгейінде болып, 2026-2028 жылдары 4%-ға дейін біртіндеп баяулайды.

Түсіндіре кетейік: «BBB-» рейтингі инвестициялық деңгейдегі төменгі санатты білдіреді. Бұл елдің қарызды өтеу қабілеті қанағаттанарлық, бірақ экономика нашарлаған жағдайда қаржы қиындығы туындауы мүмкін екенін көрсетеді.

BBB- әлі де «инвестициялық деңгей» саналады, бірақ одан төмен BB+ және басқа рейтингтер «инвестициялық емес» (non-investment grade) немесе «жоғары тәуекелді» санатқа жатады. Бұл рейтинг инвесторлар үшін орташа тәуекелді білдіреді. Соған байланысты қарыз алу құны сәл жоғары болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз