«Әділет ондай емес»: Сәкен Майғазиевтің жас келіні отбасы құпиясын ашты

Жарияланды 25 Тамыз 2025 12:06

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Сәкен Майғазиевтің жас келіні Әдия күйеуінің қайынатасы секілді асқа қатты талғампаздықпен қарамайтынын айтты / фото: скрин
Сәкен Майғазиевтің жас келіні Әдия күйеуінің қайын атасы секілді асқа қатты талғампаздықпен қарамайтынын айтты / фото: скрин

Сәкен Майғазиевтің жас келіні Әдия Майғазиевтар отбасының құпиясын ашты. Ол қазір күйеуінен гөрі атақты қайын атасының жайын жасауда.

Сәкен Майғазиев таңертең міндетті түрде сорпа ішіп, бір кесім ет жейді екен. Динара Майғазиеваның сөзінен аңғарғанымыз, қазір ас-су қамы жас келіннің мойнында. Яғни, Әдия Сәкен Майғазиевтің таңғы асын дайындайды.

Әдия өзінің күйеуі қайын атасы секілді емес екенін, ас таңдамайтынын айтты. «Әділет ондай емес», – деді жас келін жарын Сәкен Майғазиевпен салыстырып.

Майғазиевтер отбасының қандай дәстүр ұстанатыны Ләйла Сұлтанқызы жүргізетін LSTORIES подкастында мәлім болды.

Онда әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева мен жас келіні Әдия жұлдызды отбасының құпиясын айтып берді.

Динара Майғазиеваның баласы мен келінін білім алып, шетелге барамыз десе, алдынан қақпайтынын айтты. Десе де, жалғыз ұлына енші беріп, бөлек тұруына қарсы. «Түбі бірге тұратындарын» мәлімдеді.  

Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия да ата-анасымен бірге тұрғысы келетінін айтты.

«Өзіме ата-енеммен тұрған ұнайды. Әу бастағы ниетке байланысты деп ойлаймын. Келін болып түспей тұрып: «Ата-енеммен тұрғым келеді», – деп айтатын едім. Біздің үйде адам аз. Үй тыныш. Үш бауырым бар. Сондықтан көп адам болып тамақ ішкен, шай ішкен өзіме ұнайды. Үйде береке болатын сияқты. Біз Әділет екеуміз үйде қалып қойсақ, тыныш болып тұрады. Өзіме бұл ұнамайды. Сол үшін мамадан кеткім келмейді», – деді ол енесіне қарап күліп.

Әдия өзінің атасы мен әжесінің қолында өскенін, әке-шешесіне жақын болмағанын, сондықтан жаңа отбасыға сіңіп кету оңай болғанын айтты.

«Әдияда тәрбиелі бала екен. Ақылыңнан айналайын, бақытты бол», – деп бата беріп жатқан оқырмандар көп.

Мұның алдында «Гүлнұр Оразымбетова мен «автобустағы Клара апай» кездескені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз