
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде 1 АҚШ доллары 533,87 теңге болды. Ұлттық валюта бір тәулікте бірден екі теңгеге нығайды.
Доллардың арзандауына Құрама Штаттар валютасы индексінің арзандауы себеп болды. Өйткені бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық резерв жүйесі басқарма кеңесінің мүшесі Лиза Кукты жұмыстан алған. Соған байланысты доллар біршама әлсіреген.
Әлемнің қаржы нарығындағы осындай өзгерістің Қазақстан валютасына да әсер еткенін көріп отырмыз.

Алайда валюта айырбастау мекемелерінің кейбірі әлі де бір долларды 540 теңгеден қабылдап жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 535 теңгеден сатылып, 536,3 теңгеден қабылданады. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 533 және 540 теңге.