«Семізсің дейді»: Ерке Есмахан сымбатын сынағандарға жауап берді

Жарияланды 26 Тамыз 2025 18:32

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ерке Есмахан арықтауға уәде берді / фото: Instagram
Ерке Есмахан арықтауға уәде берді / фото: Instagram

Ерке Есмахан сымбатын сынағандардың көбейіп кеткенін айтты. Оларға жауап ретінде, сәбиімен бірге түскен суретін көрсетті.

 «Айрықтағы концерттен соң, желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигурамды ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді?!» – деп жауап берді әнші.

«Кішкене ғана батырым, мамасының созған жатырын» деп тақпақтатып, Ерке Есмахан өзінің жас босанған әйел екенін алға тартты. Сәбиі аяққа тұрған соң, арықтауға уәде берді.

«Екі ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз», – деді әнші.

Айта кететін жайт, Ерке Есмахан үшінші мәрте сәби сүйіп отыр. Оның жары – қазақстандықтарға танымал әнші RaiM.

Сондай-ақ оқыңыз