Қазақстан Қытайдан 270 гибридті тепловоз сатып алмақ

Жарияланды 2 Қыркүйек 2025 16:00

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
тепловоз. фото: пресс-служба КТЖ
ҚТЖ 270 тепловоз сатып алмақ / фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қытайлық CRRC корпорациясынан 270 гибридті маневрлі тепловоз сатып алады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың CRRC директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Юнцаймен кездесуінде белгілі болды.

Президент Қытайға 2023 жылдың қазан айында жасаған сапарынан кейін екіжақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бұған дейін ҚТЖ-ға 100 магистральді және 100 маневрлі тепловоз жеткізу жөнінде келісім жасалған еді.

Мемлекет басшысы серіктестіктің келесі кезеңіне өтудің маңыздылығына назар аударды. Оның айтуынша, тек тепловоз жеткізумен шектелмей, Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және сервистік орталықтар ашу қажет.

Бұл қадам отандық машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және темір жол инфрақұрылымына жедел техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

CRRC – темір жол машиналарын шығаруға маманданған әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Компания жылына 2 мыңнан астам локомотив, 3 мың жолаушы вагонын, 50 мың жүк вагонын және 11 мың қоғамдық көлік құрастырады. Оның өнімдері бүгінде 100-ден астам елге экспортталады.

2024 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясының қарызы 851,9 млрд теңгеден 1,36 трлн теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз