Сары Алмаз, Баха Фестиваль: Жігер Ауыпбаев қылмыс серкелері жайлы ән шығарды

Жарияланды 9 Қыркүйек 2025 16:11

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жігер Ауыпбаев қылмыс әлемінің серкелері туралы ән шығарды / фото: скрин

Әнші Жігер Ауыпбаев жаңа ән мен бейнебаян жариялады. Туындыда 90-жылдары ел ішінде аты шыққан қылмыс серкелері – Сары Алмаз, Баха Фестиваль, Сабыр Мүслім бейнеленген. Әннің сюжеті әр дәуірдің өз батырлары болатынын, олардың ерлік жолы уақыт талабына сай өзгеретінін көрсетеді.

Бейнебаянда әділет жолында күрескен тұлғалардың да, қылмыс әлемінде өзінше «ер» атанғандардың да бейнесі қамтылған. Ән мәтініне сәйкес, батыр ұғымы тек соғыстағы қаһармандықпен ғана шектелмей, елге қызмет ету, табандылық таныту және әділетті қорғаумен де өлшенетіні айтылады.

Жігер Ауыпбаев бұл туындысын өмірден өткен қазақтың қайсар мінезді, ер жүрек ұлдарының рухына арнағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз