
Ерке Есмахан Раймның арманын бірге орындады. Күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен бірге өзеннен қармақпен балық аулады.
Екі жұлдыз үрмелі қайықпен жүзіп, Жайыққа қармақ салды.
«Үш балық ауладық. Мына балық бізбен әңгімелескісі келіп отыр», – деді Ерке Есмахан ұстаған мөңке балықтарын көрсетті.
«Күйеуімнің арманы – туған жерге келіп, осылай балық аулап отыру еді. Бұл күнге де жеттік. Шүкір!» – деді ол.
Ерке Есмахан өмірінде бірінші рет қайықпен балық аулағанын айтты. Раймның туған жерінің табиғатының сұлулығына тамсанды.
Алайда Райм мен Ерке үш балығымен шектелмеді. Бір топ балықшылардың күні бойы бір қап балық ұстағаны көрінетін бейнежазбасын да жария етті.
«Ақ жайықта екі аққуды үш бөпесімен көріп қалдық. «Біздің отбасымыз» деп жақсылыққа жорыдық», – деп жазды әнші.
Мұның алдында Ерке Есмахан Баян Алагөзовамен құдағи болғысы келетінін айтты.