
15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Uchet.kz хабарлайды.
Не өзгерді?
- Бұрынғыдай, жалдамалы жұмысшыны тұрақты негізде пайдаланатындар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.
- Енді екінші шарт өзгерді: жеке кәсіпкерліктен табыс жылына 360 айлық есептік көрсеткіштен асса, ЖК тіркеу міндетті болады.
Бұған дейін шекті табыс мөлшері 12 айлық ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) байланысты есептелетін. Осылайша, шекті табыс енді ЕТЖ-ға емес, АЕК-ке байланды.
Бұл нені білдіреді?
2025 жылы бұл талап жеңілдеді: 360 АЕК – шамамен 1,4 млн теңге, ал 12 ЕТЖ – 1 млн теңге. Демек, жылдық табысы 1,4 млн теңгеден аспайтындар ІП ретінде тіркелмесе де болады. Дегенмен, алдағы жылдары АЕК пен ЕТЖ арақатынасы өзгеруі мүмкін.
Бұл түзетулер 2025 жылғы 15 шілдеде қабылданған «ТКШ, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттік қызметі мәселелері бойынша» заңымен енгізілді. Заң 15 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Ескерте кетейік, биыл қыркүйектен бастап мобильді аударымдар салық органдарының қадағалауына алынады. Жаңа талаптарға сәйкес, егер сіздің шотыңызға 3 ай қатарынан 100-ден астам әр түрлі адамнан 1 миллион теңгеден көп қаражат түссе, сіз бақылауға ілігесіз.