600 мың теңгенің тортын пісірген кондитер сотты кейінге қалдыруды сұраған

Жарияланды 19 Қыркүйек 2025 11:40

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Сот отырысы 30 қыркүйекте өтеді/коллаж kursiv.media

Алматылық кондитер Нұршат Ақбергенова блогер Аселина Батырдың үстінен жазған талап арызы бойынша сотқа қатыспады. Азаматтық іс бойынша алдын ала тыңдау 19 қыркүйекте өтуге тиіс еді. Алайда талап арыз беруші сот отырысына қатыспай, отырысты кейінге қалдыруға өтінішхат жолдаған.

Азаматтық істі қараған судья тараптардың пікірін тыңдап, өтінішті қабылдады. Осылайша сот отырысы 30 қыркүйекте өтетін болды.

Бұған дейін құрақ көрпе тігуші кәсіпкер, блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасында дау туды. Аселина 6 қабаттан тұратын торттың бағасын 300 мың теңгеге бағалаған. Кондитер толық ақысын яғни 600 мың теңгені төлеуді талап етіп, салған ақшасын кері қайтарып жіберген.

Сондай-ақ оқыңыз