Жаңа iPhone 17-ні Қазақстанда қанша теңгеге сатып алуға болады?

Жарияланды 19 Қыркүйек 2025 12:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
В Казахстане объявлены официальные цены на iPhone 17
Фото: Apple Inc.

Жаңа iPhone 17-нің Қазақстандағы ресми бағасы белгілі болды. Apple компаниясының Қазақстандағы серіктестері Freedom Mobile-да жаңа модельдердің құнын таныстырды.

iPhone 17 256 GB – 624 990 теңге

iPhone 17 512 GB – 789 990 теңге

iPhone Air 256 GB – 779 990 теңге

iPhone Air 512 GB – 944 990 тенге

iPhone Air 1 TB – 1 104 990 теңге

iPhone 17 Pro 256 GB – 859 990 теңге

iPhone 17 Pro 512 GB – 1 024 990 теңге

iPhone 17 Pro 1 TB – 1 184 990 теңге

iPhone 17 Pro Max 256 GB – 934 990 теңге

iPhone 17 Pro Max 512 GB – 1 104 990 теңге

iPhone 17 Pro Max 1TB – 1 259 990 теңге

iPhone 17 Pro Max 2TB – 1 574 990 теңге

Жаңа iPhone 17-ге 19 қыркүйектен бастап fmobile.kz сайтында және Freedom SuperApp қолданбасында алдын ала тапсырыс беруге болады. Apple компаниясының ресми кепілдігі бар смартфондар 26 қыркүйекте сатылымға шығады.

Жаңа iPhone 17 мен одан жұқа нұсқасы iPhone 17 Air және қуатты iPhone 17 Pro смартфондарын 10 қыркүйекте ресми таныстырған. Finprom.kz жаңа смартфонды сатып алу үшін қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеу керек екенін есептеп шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз