Өзбекстан 8 млрд долларға 22 Boeing сатып алады

Жарияланды 23 Қыркүйек 2025 10:24

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Uzbekistan Airways әуе компаниясы америкалық Boeing компаниясымен 22 Boeing 787 Dreamliner ұшағын сатып алу жөнінде келісімге отырды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне тиесілі әлеуметтік желісіне жазды.

Келісім құны 8 млрд доллардан асты. Құрама Штаттар президентінің айтуынша, жаңа келісім АҚШ-та 35 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ақ үй басшысы осы мәселені Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен талқылаған.

«Президент Мирзиёев – сөзінде тұратын адам. Біз онымен басқа да көптеген сала бойынша жұмыс істей береміз», – дейді Трамп.

Әуе компаниясының мәліметінше, жаңа ұшақтарды 2031 жылдан бастап жеткізе бастайды. Соның арқасында компания маңызды бағыттар бойынша жаңа рейстер аша алады.

Осының алдында Қазақстанның әуе паркі алдағы бес жылда 103 ұшақпен толығатыны мәлім болған. Олардың арасында жаңа Boeing 737 MAX8 ұшағы да бар.

Сондай-ақ оқыңыз